Өскемен
ясно
-12°
  • Өскемен
    -12°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -3°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    -2°
  • Қарағанды
    -4°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    -3°
  • Шымкент
    +8°
$
498.51
+0.17
522.84
+3.12
¥
68.81
+0.02
4.81
-0.04
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Ал әскерге баруға жүрексініп жүргендер не істемек?

Төртінші қыркүйектен бастап күзгі әскерге шақыру кезеңі басталды. Күзде облыстан 1200-ден астам азамат әскерге барады деп күтілуде

Шығыс Қазақстан облысында әскери борышын өтеуге барлығы 63 мыңнан астам азамат тіркелген. Ал биылғы жылы көктемде әскери борышын өтеуге келген 1271 азаматтың 1231-і әскер қатарына жіберілген. Ал қалғандарының денсаулығы, отбасылық жағдайы сәйкес келмеген. Көктемде әскерге жіберілген сарбаздарға 32 әскери бөлімге жолдама берілген.

- Көбі айтып жүргендей, медициналық комиссияның жұмысы қиындатылған жоқ. Дегенмен, Ұлттық қауіпсіздік қызметі мен мемлекеттік күзет қатарына алынатын сарбаздардың денсаулығы мен жүйке жүйесі ерекшеліктерін қатаң тексерістен өткізуге талап қойылған. Сонымен қатар, денсаулығы жарамайтын азаматтарды дұрыс тексермей әскер қатарына жіберілген болса, медициналық тексерісті жүргізген маман тікелей жауапкершілікке тартылады. Кей жағдайда дәрігерге қатысты қылмыстық іс қозғалуы да мүмкін. Сондықтан қазір дәрігерлер азаматтардың денсаулығын тексеру кезінде мұқияттылық танытады, - дейді ШҚО Жұмылдыруға дайындық басқармасының басшысы Елдос Чикенов.

Әскерге шақыру мен медициналық тексерісті қамтамасыз ететін басқарма басшысының айтуынша, денсаулығы жарамайтын азаматтар бірден әскерге шақырудан босатылады. Яғни, бұған дейін денсаулығы қалыпты, кейде денсаулығында аздаған кінараты бар азаматтар да әскер қатарына жіберілген болса, қазіргі уақытта мұндай немқұрайлылыққа жол жоқ.

Елдің бас прокуратурасы тұрғындардың шағымы мен арыздарын қабылдайтын арнайы орталықтарды ашып жатқаны белгілі. Құқық қорғау органы мұндай ашық шараларды ұйымдастыру арқылы халықпен тығыз жұмыс жасауға, ел-жұртқа жақын болуға тырысады. Қылмыс түрлерін арыз-шағымдар арқылы ғана емес, жұрт арасынан іздеу арқылы табуды жолға қойып отыр.

Сол сынды Қорғаныс министрлігі де халықпен жұмысты жақсарту үшін әскерге шақырылған сарбаздың ата-аналарын қабылдайтын арнайы орталықтар ашуды жоспарлап отыр екен. Соған қарағанда, қорғаныс ведомствасы бұған дейін әскери бөлімде орын алған жайсыз оқиғалардың алдын алу мен әскер қатарына қабылданатын жастарға үміт сыйлау үшін халықпен тығыз қарым-қатынасқа келуді, түсіндіру жұмыстарын мейлінше елге жақын жүргізуді жүзеге асырғалы отырған болуы керек.

- Әскерге шақырылған ата-аналар туған ұлының жағдайын біліп қайту үшін қалада орналасқан әскери комиссариат ғимаратына келіп, арнайы орталықтың қызметіне жүгіне алады. Бұл орталықта ата-ана ұлының қай әскери бөлімге жолданғанын, оның әскери-материалдық базасы қандай екенін, тамақтану мен жатын орындарының қалай орналасқанын - барлығын көзімен көре алады. Ол әскери бөлім туралы деректі фильмдер көрсетіліп, ұлының қалай қызмет етіп жүргенінен хабардар бола алады, - дейді Елдос Нұрболұлы.

Басқарма басшысының айтуынша, мұндай орталықтар келесі жылдан, яғни, көктемгі әскери шақыру кезеңінен бастап жұмыс жасай бастамақ.

Одан бөлек, әскери борышын өтеуден жалтарған азаматтарға қолданылатын жауапкершілік те қатал болмақ.

- Баласын әскер қатарына аттандыруға қарсы болған, Конституциялық құқықты орындаудан жалтарған ата-анаға 1000 айлық есептік көрсеткіш бойынша айыппұл салынбақ. Бұл, шамамен, 2,3 млн теңге соманы құрайды. Дегенмен, мұндай сомаға айыппұл салу елімізде көп емес. Қазіргі таңда республика бойынша үш адам аталған көлемдегі айыппұл мөлшерін төлеуге міндеттелген, - дейді Елдос Чикенов.

Азаматтардың әскери парызды өтеуі жөнінде айта келе, Елдос Нұрболұлы қазіргі әскердің жастар үшін өте пайдалы екендігін әрі еш жүрексінудің қажет емес екендігін жеткізді. Әскерге баруға бата алмай жүрген жастарға кеңес берді.

- Мен осы салада қызмет етіп жүрген кезімде әскери борышын өтеп, еліне қайтқан азаматтарды көрдім. Кейде сарбаздар қайта қайтып келіп, үлкен алғыс айтқанына да жиі куә болдым. Әскерге қабылданар алдында олардың барлығы жүрексінгендіктерін, алайда әскер қатарындағы өткен бір жылдың қалай тез өтіп кеткендігін, үлкен азаматтық тәжірибе жинағандарын айтып, қуанышын жасыра алмайды. Мемлекеттік қызметке қабылдар алдында да бір жыл әскери дайындықтан өткен тәжірибелі сарбаздарды алуға тырысады. Кәсіпкерлер де әскери тәртіппен тәрбиеленген жастарды жұмысқа қабылдайды. Өйткені әскери өмірді көрген азамат өнімді жұмыс жасайды. Оның үстіне, қазіргі уақытта әскерде әлімжеттік жасауға жол берілмейді, азық-түлікпен, киім-кешекпен толықтай қамтамасыз етіледі, - деді сөз соңында Елдос Нұрболұлы.

Следующая →