Өскеменде ұрылар тобы құрықталды
Жас жігіттер екі гараж бен екі саяжайды тонағаy
Криминалды полицейлер үш жігіттен құралған ұрылар тобын құрықтап, тергеу изоляторына тоғытқан. Оның екеуі 22 жастағы жігіттер болса, біреуі 24 жастағы жігіт.
Жігіттер «Ертіс құрылыс» гараж кооперативіне қарасты көлікжайлардың артқы қабырғасын құлатып, ішінен дәнекерлеу мен аккумуляторды қуаттау құралдарын, радиатор, болгарка мен өзге де құрал-саймандарды қолды қылған. Гараж иесі 800 мың теңге шығынға батқан. Ал қарақшылар екінші гараждан көліктің дөңгелектерін алып кеткен.
Ұрлықпен табыс тауға дәндеген қарақшылар «Ягодка» саяжай белдеуінде орналасқан жер үйлердің бірінен бағасы 60 мың теңге тұратын тұрмыстық техниканы, екіншісінен құны 50 мыңге болатын үй заттарын алып кеткен.
Қазіргі уақытта «Ұрлық» ісі бойынша қылмыстық іс қозғалуда.