«Казцинк» кәсіпорнында түтін шыққанын хабарлады
Кәсіпорын хабарлағандай, қабырғаны жылыту үшін қаптап жатқан изоляциялық қабаттың ішінде түтін пайда болған. Өрт сөндірушілер келіп жағдайдың мән-жайын анықтаған
Оқиға кеше сағат 14.30-да «Казцинк» ЖШС-ның металлургиялық кешенінде орын алған. Монтаждау жұмыстарымен айналысатын компания кәсіпорынның қабырғаларына жылыту панельдерін орнату үшін изоляциялық қабықша тартпақ болған. Монтаждау кезінде қабықшаның ішінен түтін шыға бастаған.
Түтін электрлі дәнекерлеу жұмыстарын жүргізу кесірінен пайда болған. Өрт сөндірушілер келіп сэндвич-панельдің ішінен шығып жатқан түтінді сөндірген.
Кәсіпорын штаттық деңгейде жұмыс жасап тұр.