ШҚО-да бос шыныларды қабылдайтын орын пайда болмақ
Қазақстанда қалдық орындарын шынылардан тазарту мақсатында жасалған бағдарламасы іске қосылды
Елдің үлкен қалаларында бос шыныларды қабылдайтын орындар пайда болды. Әрбір шыныны 15 теңгеге «сатуға» болады. Жиналып алынған бөтелкелерге қайтадан сусындар құйылмақ. Өндірушілер осындай тәсіл арқылы шыныларды шығаруға кететін шығынды азайтпақ.
- Өскеменде бағдарлама әлі іске қосыла қоймады. Егер елдің үлкен қалаларында шыны қабылдау орындары жұмыс жасай бастаса, біздің өңірде де мұндай орын ашылуы тиіс, - дейді шыны жинаумен айналысатын "Оператор РОП" ЖШС-і өкілдері.
Шығыс Қазақстанда шыны қабылдайтын орын болмаса да, шыныларды қабылдау жүргізіліп жатыр. Жақын уақытта бос шынылардық қабылдайтын орындар көрсетілген мобильді қосымшалар пайда болмақ. Өндірушілердің көбі сусынды құятын ыдыс таба алмай әуре болуда. Ал қала маңы қоқыстарында шынылар шашылып жатыр.
Бұл коммуналды кәсіпорындардың да шығынын азайтпақ. Оның үстіне, екі жылдан кейін елде экологиялық Кодекс қабылдануы мүмкін. Ол бойынша қоқыс полигондарына шыныларды тастауға мүлдем тыйым салынатын болады.