Өскемен
малооблачно
+15°
  • Өскемен
    +15°
  • Алматы
    +21°
  • Астана
    +15°
  • Ақтөбе
    +20°
  • Актау
    +16°
  • Орал
    +17°
  • Қарағанды
    +15°
  • Көкшетау
    +15°
  • Қостанай
    +14°
  • Қызылорда
    +26°
  • Павлодар
    +14°
  • Петропавловск
    +14°
  • Тараз
    +21°
  • Туркестан
    +16°
  • Шымкент
    +23°
$
439.43
473.31
¥
60.98
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО
Ақпарат көзі:
Устинка

Семей мектебі 19 млн теңге сыйақы алды

Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы №5 мектеп-гимназиясы облыстық «Үздік мектеп-2017» байқауында бас жүлде алып, 19 миллион теңге сыйақымен марапатталды

Марапатты ұстаздар арасында өткізілген тамыз конференциясында облыс әкімі Даниал Ахметовтің өзі табыстады. Орта білім беретін ұйымдар арасында жыл сайын өткізілетін бұл облыстық байқауға әр ауданның үздік мектептері қатысқан. Ұстаздар өздерінің мектептеріндегі сабақ үрдісі мен жетістіктері жайында слайд, бейнежазбалар мен бейне және фотодеректер әзірлеп, байқауға жолдауы тиіс болатын.

Бұл байқауда былтыр Өскемен қаласының №44 мектеп-лицейі бас жүлде алса, биыл Семей қаласының мектеп-гимназиясы жеңіп алып отыр.

- Мектебіміз алғаш ашылған уақытта «Алаш» атындағы мектеп болатын. Кейін Шәкәрім атына ауыстырдық. Биыл «Алаш қозғалысына» жүз жыл толып отыр. Бұл жеңісімізді, ең алдымен, Алаш қайраткерлеріне арнаймыз. Екіншіден, біздің мектеп республика төңірегінде үш тілде оқытуды алғаш бастаған білім ордасы саналады. Бұл үш тілде оқытуда он жыл еткен еңбегіміздің жеңісі деп ойлаймын. Осынау жеңіске қол жеткізген ұстаздар ұжымына алғысымды білдіремін, - дейді Шәкәрім атындағы №5 мектеп-гимназиясы директоры Алма Аубакирова.

Аталған мектеп 2015 жылы мамандандырылған мектептер арасында өткен республикалық байқауда үшінші орын, 2016 жылы «Q» олимпиадасында екінші орын, «Айбын» байқауында бірінші орын алған.

Сонымен қатар, тамыз конференциясында үздік ұстаздар 800 мың және 500 мың теңге сыйақылармен, «Білім беру саласының үздігі» төсбелгілерімен марапатталды. Ұстаздардан өзге биылғы ҰБТ мен халықаралық олимпиадада үздік нәтиже көрсеткен оқушылар да марапатталып, бағалы сыйлықтар табысталды. 

Следующая →
Тақырыптар: Школы в ВКО