Өскемен
ясно
-11°
  • Өскемен
    -11°
  • Алматы
    +6°
  • Астана
    -10°
  • Ақтөбе
    -7°
  • Актау
    +7°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -6°
  • Көкшетау
    -13°
  • Қостанай
    -11°
  • Қызылорда
    +5°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -18°
  • Тараз
    +9°
  • Туркестан
    -7°
  • Шымкент
    +11°
$
513
+13.49
541.16
+15.33
¥
70.75
+1.85
4.69
+0.07
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО
Ирина Николенко
Ирина Николенко
Ақпарат көзі:
Устинка

Өскемен тұрғыны адам денсаулығын сауықтыратын наноұнтақ ойлап тапты

«Қазақстанның 100 жаңа тұлғасы» жобасының үміткері 20 жыл бойы жұмыс істеп келген дүниесі туралы айтып берді

Өскемендік ғалым Алексей Башкирцев ондаған американдық ғалымдар бірнеше жыл қатарынан істей алмай келе жатқан жұмысын бітірді. Өзі өндірген биобутонап (биожанармай түрі) сынақтан өткен. Сонымен қатар, ғалымның айтуынша, алдыңғы қатарлы нанотехнологиялардың көмегімен ерекше өсімдік ұнтақтарын жасап шыққан. Оның сауықтыру қасиеті өте жоғары, деп хабарлайды Шығыс Қазақстан Өңірлік байланыс орталығы.

- Бұл жергілікті тұрғындарды сауықтыру, нашар экологиямен күрес құралы. Аталған ойдың атауы - «фитомилл», - дейді ғалым.

Алексей Башкирцев 80-ші жылдардың соңында ұнтақтаудың ерекше тәсілін шығарды, тантал және техникалық кремниден наноұнтақтар дайындау бойынша тапсырыстарды орындай отырып, қорғаныс өнеркәсібі кәсіпорындарымен,КСРО Ғылым академиясымен байланыста болды. 20 жыл өткеннен кейін өсімдік ұнтақтарының ерекше түрін дайындайтын тәсіл ойлап тапты. Ұнтақты дайындауда ғалым сұлыны пайдаланған. Ғалымның айтуынша бұл дәрі-дәрмектің тең жартысын қажетсіз етеді.

- Адам ағзасы өз-өзін емдей бастауы үшін, күніне бір қасық пайдаланса жеткілікті, - дейді ол.

Естеріңізге саламыз, республика бойынша «Қазақстанның 100 жаңа тұлғасы» жобасы басталды. Алексей Башкирцев үміткерлердің бірі атанды.

 

Следующая →