«ҮМЗ» АҚ командасы Спартакиада чемпионы атанды
«Қазатомпром» ҰАК Үлбі металлургиялық зауытының құрамасы бирлескен Спартакиядада он екінші рет жеңіске жетіп отыр
«Қазатомпром» ҰАК XVII Спартакиадасы Астана қаласында 21-25 тамыз аралығында өтті. Жыл сайынғы спорттық жарыстың ашылу салтанатында «Қазатомпром» ҰАК» Басқарма Төрағасы Асқар Жұмағалиев «спорттық рух – жұмыста да, спортта да жаңа жетістік пен жеңіс үшін салауатты өмір салтына жетелейтін компания қыры» екенін атап өтті.
«ҮМЗ» АҚ баспасөз қызметі хабарлағандай, Спартакиадаға атом саласында жұмыс істейтін көптеген қалалар мен облыстан 800 жұмысшы келге. 20 команда шағын футболдан, волейболдан, баскетболдан, үстел теннисінен, бадминтоннан, шахматтан, жеңіл атлетика мен армрестлингтен бақ сынады.
«ҮМЗ» АҚ құрамасы компанияның ең мықтылары тоғысқан «А» тобында болды. Біздің құрамаға зауыттың үздік спортшылары кірді: тәжірибелі спортшылар, «Қазатомпром» ҰАК Спартакиадаларының бірнеше мәрте жеңімпаздары, жас және қайратты спортшылар.
Жеңіске деген ұмтылыс ұрымтал болды. Үлбіліктер армрестлинг пен волейболдан бірінші орынға ие болды. Теннистен, бадмингтоннан, жеңіл атлетика мен шахматтан екінші орын, баскетболдан үшінші орынды қанжығасына байлады.
Осылайша «ҮМЗ» АҚ «Қазатомпром» ҰАК-ның ең мықты командасы атанып, жалпы командалық есеп бойынша бірінші орынға шықты.
Следующая →
Материал размещен на правах рекламы