Өскемен
облачно
+24°
  • Өскемен
    +24°
  • Алматы
    +17°
  • Астана
    +9°
  • Ақтөбе
    +10°
  • Актау
    +15°
  • Орал
    +12°
  • Қарағанды
    +9°
  • Көкшетау
    +6°
  • Қостанай
    +5°
  • Қызылорда
    +16°
  • Павлодар
    +8°
  • Петропавловск
    +5°
  • Тараз
    +18°
  • Туркестан
    +9°
  • Шымкент
    +19°
$
441.66
475.14
¥
61
4.86
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Кристина Хорольская
Ақпарат көзі:
Устинка

Құрбан айт күні бәйге өтпек

Биылғы Құрбан айт мейрамы 1 қыркүйекке түсіп отыр. Бұл мейрам Ораза айы біткен соң 70 күннен кейін басталады

Бұл күні еліміздің тұрғындары демалады. Таңғы сағат 7.00-де айт намазы оқылады. Айт намазынан кейін Халифа Алтай атындағы облыстық мешіт сағат 8.00-ден бастап мерекелік бағдарламаларын бастамақ.

- Мешіт алдында киіз үйлер тігіліп, үлкен дастархан жайылады. «Мектепке жол» акциясы да сол күні өткізіледі. Ал Құрбан айт мейрамының үшінші күні жамағатымыздан жиналған етті аз қамтылған отбасыларға таратамыз. Биыл кем дегенде 500 отбасыға көмектесеміз. Мұнымен шектеліп қалмай өзге де қайырымдылық шараларын өткізуді ойластырып отырмыз, - дейді Халифа Алтай мешітінің бас имамы Ермек қажы Қасболатұлы.

Биылғы Құрбан айт күніне орай, Халифа Алтай мешіті ұлттық ойын түрлерінен жарыс өткізуді жоспарлап отыр.

- Мұндай шара облыста тұңғыш рет өткізіледі. Тай бәйге, аламан бәйге, таз жарысы, қыз қуу, теңге алу, аударыспақтан жарыстар ұйымдастырылмақ. Бәйгенің бас жүлде қоры - 1 млн теңге, - дейді бас имам.

Елдің Бас муфтиінің қолдауымен ұйымдастырғалы отырған бәйге екі қашықтық бойынша өткізілмек. Оның бірі - 5 шақырымдық тай бәйге болса, екіншісі - 15 шақырымдық аламан бәйге. Ұлттық ойын түрлерінен өтетін жарыстар ипподромда 1 қыркүйек күні сағат 10.00-де басталмақ. Ипподром Жібек жолы көшесі, 150-үйде орналасқан.

Ал құрбандық шалғысы келген тұрғындар «Шығыс» ауылы маңындағы арнайы көрсетілген орынға барып, діни жоралғыны орындауы қажет.

Следующая →