Трамп төрт ел үшін виза беруге шектеу қойды
АҚШ президенті Дональд Трамптың әкімшілігі жер аудару мәселесі бойынша серіктестіктен бас тартқаны үшін төрт елдің азаматтарына виза беруге шектеу қоюда
Американдық ішкі саясат мекемесінің өкілінің сөзіне сүйенсек, санкциялар мемлекеттік хатшы діттеген мақсатқа жету үшін дұрыс деп тапқан формада енгізілмек.
Ал шектеуге түсетін елдер мен азаматтар санаты әлі аталмады. Оларға АҚШ-тан шеттетілген азаматтарды қабылдаудан бас тартып немесе үрдісті созып жүрген мемлекеттер жатады. Қазіргі таңда мемлекеттік хатшы Рекс Тиллерсон сол елдердің өкілдерімен келіссөздер жүргізу үстінде.