Өскемен
ясно
+20°
  • Өскемен
    +20°
  • Алматы
    +19°
  • Астана
    +23°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +17°
  • Орал
    +17°
  • Қарағанды
    +19°
  • Көкшетау
    +22°
  • Қостанай
    +20°
  • Қызылорда
    +22°
  • Павлодар
    +19°
  • Петропавловск
    +18°
  • Тараз
    +20°
  • Туркестан
    +15°
  • Шымкент
    +21°
$
443.44
480.51
¥
61.36
4.88
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО
Ақпарат көзі:
Устинка

Жаңа диспансер салынады

Облыста туберкулезге қарсы жаңа диспансер салынуы мүмкін. Диспансер 200 орынға арналған

Туберкулез дертіне шалдыққандардың саны облыста біршама азайғанымен, республикалық орташа көрсеткіштен 14%-ға жоғары. Туберкулезге қарсы күресудің кешенді бағдарламасы арқасында оңды нәтижелерге қол жеткізген облыстық денсаулық сақтау басқармасы ауруханалардың материалдық-техникалық базасын жақсартсақ, дертпен күресудің тиімді тәсілі болары еді деп отыр. Соған байланысты басқарма Ұлан ауданында туберкулезге қарсы жаңа диспансерді салуға бюджеттен 49 млн теңге сұрады. ШҚО Денсаулық сақтау басқармасы басшысы Едіге Шорановтың айтуынша, бұл сомаға жаңа ғимарат салынатын жер телімі сатып алынбақ. Өйткені санитарлық-жобалық нормаларға сай деп танылған жер телімі жеке кәсіпкердің иелігінде болып шыққан. - Біз үшін бұл аса үлкен мәселе емес. Облыстық бюджеттен жер телімін сатып алуға қаржы бөлуге дайынбыз, - деп келісімін берді облыс әкімі Даниал Ахметов. Облыс әкімі бұған дейін 350 орынға арналған диспансер желісін жасауға басқарманың 43 млрд теңге қаржы сұрағанын айтады. - Бұл артық шығын ғой. Біз тек медициналық құрал-жабдықтар сатып алуға 6 млрд, дәрігерлерді шетелде оқыту үшін 1,5 млрд, ауруханаларға компьютерлер сатып алуға 1 млрд теңге бөліп отырмыз. Яғни, биылдың өзінде денсаулық сақтауға 9 млрд теңгедей қаржы бөлдік. Республиканың ешқандай аймағы денсаулық сақтауға мұндай қаражат бөліп көрмеген. Сондықтан 350 орынға үшін 43 млдр теңге жұмсау - қаржыны бейберекет шығындау, - дейді Даниал Ахметов. Сонымен қатар, облыстық қоғамдық Денсаулықты қорғау департаменті де төрт диспансерге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге қаржы сұрап отыр. Олар - Семей қаласындағы «Сосновка», Шемонаиха ауданындағы «Первомайка», Бородулиха ауданындағы «Березовка» диспансерлері. Облыс әкімі бұған да өз келісімін беріп, жобалық-сметалық құжаттарды әзірлеуді тапсырды. Айта кетейік, 2017 жылы маусым айында Риддер қаласындағы туберкулезге қарсы диспансер жабылған болатын. Санитарлық нормаларды қадағаламаған аурухананы экономикалық сот жабуға үкім шығарған.
Следующая →