Семейдегі ұн тартатын зауыттағы жарылыста әйел адам зардап шекті
47 жасар комбинат жұмысшысы екі қолының білегі мен мұрнының ұшынан 1-деңгейлі термиялық күйік алған
Кеше 11.46-да «101» қызметіне Семей қаласындағы ұн зауыттарының бірінде өрт шыққандығы туралы хабар келіп түскен.
Өрт сөндірушілер элеватордың жұмыс мұнарасында дәнді сепараторда өңдеу үрдісі барысында дәнді тозаң жарылысы орын алғандығын анықтады. Нәтижесінде мұнара ғимаратына зақым келген: еденнің бетон бөлшектері қирап, ағаш стеллаждар, есік, терезе өртенген. Ол жерде комбинат жұмыскері де болған. Ол екі қолының білегі мен мұрнының ұшынан 1-деңгейлі термиялық күйік алған. Жараланған әйелге медициналық көмек көрсетілгенімен, ол ауруханаға жатудан бас тартты.
ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазіргі уақытта жарылыс себептері анықталу үстінде. Алдын ала болжам бойынша, өртке салғырт қарау немесе дәнекерлеу барысында тиісті қауіпсіздік шараларын сақтамау және техникалық үрдістегі ақау болуы мүмкін.
Следующая →