Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Айдос Мырзахметов
Ақпарат көзі:
Алдаспан

ШҚО-да «Дарын» лагері жазғы кезеңін аяқтады

ҮМЗ балансында болған «Дарын» лагері 2016 жылдың маусым айында облыс әкімдігімен меморандумға қол қойып, Білім басқармасының құзырына өткен болатын

Биыл, тамыз айында аталған лагерь өзінің демалыс кезеңін тәмамдады.

- Мұнда халықаралық, республикалық олимпиадалар мен байқаулардың жеңімпаздары тегін демалып, сауықтырудан өтеді, - дейді өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығының директоры Жанат Айтпаева. - Тұрмыстық деңгейі төмен отбасылардан шыққан балалар, жетімдер, аудандық және қалалық жарыстардың жеңімпаздары жеңілдікпен демалуға келеді. Бір кезеңде 350 бала қабылданады. Биыл барлығы алты кезең өтіп, 1932 бала демалуға келді.

Лагерьдің әр кезеңі түрлі тақырыптардан тұрады. Лагерьдің соңғы, алтыншы кезеңінде 305 бала демалуда.

- Қазір 305 баланың 58-і ғана төлемді түрде келіп отыр. Ал 120 бала тегін демалса, қалғандары жеңілдетілген құнмен келгендер, - дейді Жанар Айтпаева. - Ақылы демалыс құны күніне 5 мың теңгені құрайды. 5 уақыт тамақтанады. Қосымша көптеген үйірмелерге қатысуға болады. Ал сауықтыру орталықтарында фито-бар, оттегі коктейльдері, массаж кабинеттері, толық қамтылған медициналық блок, бассейн және спорттық құрылымдардың барлық түрі бар.

Өскемен қаласынан 12 шақырым жерде орналасқан «Дарын» базасында тек Шығыс өңірінің балалары емес, Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген қонақтар да бар.

- Бұл жердегі балалар өздерінің гаджеттерінен алшақтап, табиғи ортада жаңа достармен танысады. Талдықорған, Павлодар және өзге де өңірлерден келетіндер бар. Облыс бойынша бізде барлығы 889 лагерь орналасқан. Осылайша, балалардың жазғы демалысын биыл 96 пайызға қамтыдық, - дейді ШҚО Білім басқармасының басшысы Нұргелді Әбжапаров.

Демалуға келген баланың бұл ортада іші пысады деу өте қиын. Білім кабинеттерін бақыласаң, тіпті, мұннан ересек адамның кеткісі келуі екіталай. Себебі мұнда: «авиамодельдеу», «мен - инженермін», «полиглот», «медиа-журналистика», «стоп-кадр», «жетекшілер мектебі», «психология сабақтары» сынды көптеген салалар үйлесім тапқан.

- Тау етегінде орналасқан бұл орын өзгеше. Балалардың күш-қайрат жинап, жаңа оқу жылында жаңа белестерді бағындыруына барлық жағдайлар жасалған. Облысымыз физикадан, химиядан, гуманитарлы ғылымдар бойынша өтетін халықаралық, республикалық олимпиадалардан жетекші орында. Шығыс командасы бірнеше жыл қатарынан «Үздік олимпиада командасы» атағын ешкімге бермей келеді. Айта кету керек, базада үштілділікті дамытуға үлкен назар аударылады. Бұл мемлекеттік «Рухани жаңғыру» бағдарламасының кезеңдік бөлігі. Өңірде бағдарлама аясында жоғары зияткерлі, өжет те, заманауи ұрпақ тәрбиеленеді, - дейді ШҚО әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова.

Следующая →