Бес күндік тәртіпке көшкен оқушылар сенбі күні мектепке барады
Демалыстың бір күнін олар шығармашылық жұмысқа арнап, үйірмелерге қатысатын болады
Былтырғы жылдан бастап оқушылар біртіндеп 12 жылға көше бастады, онымен бірге бес күндік тәртіпте сабақ оқу жүйесі енді. Пилоттық жоба бірінші сыныпқа арналса да, артылған жүк ауыр. Биыл 12 жылдық бағдарлама бойынша екінші, бесінші және жетінші сынып оқитын болады
12 жылдықты ұсына отырып, Білім министрлігі балаларға артылған жүкті азайтуға уәде берді. Бұл олардың денсаулығынан біліне бастаса, оқуға, білім сапасына деген қарым-қатынасын бұза бастады.
Анықталғандай, қуануға ерте болып шықты. Білім басқармасында түсіндіріп өткендей, алтыншы сабақ күні бескүндікте бар болып шықты. Алайды ол еркін түрде өтеді – формасыз, шектеулі уақытпен және үй тапсырмалары болмайды.
- Сенбі оқушылардың денсаулықтарын сақтауға, өз білімдерін арттыруға, балалардың шығармашылық қабілетін өсіруге бағытталатын болады, - жейжі ШҚО Білім басқармасының орынбасары Айгүл Байжанова. - Бұл күн балалардың жалпыұлттық, шығармашылық, әлеуметтік, тұрмыстық, тәжірибелік қызығушылықтарына бағытталып, ата аналар мен ұстаздардың толыққанды араласуымен өтеді.
«Сыныптан тыс» сенбі күніне қатыспауға бола ма деген сұраққа жауап берілмеді. Дегенмен бескүндік оқыту жүйесінің кабинет жетіспеушілігін тудырмайтынын айтты.
Сенбі оқушылардың сүйікті күніне айнала ма, 12 жылдық жаңа бағдарламаны арту жеңілдей түсе ме – уақыт көрсетеді. Ал оны игеру үшін ата-аналар мен мұғалімдердің күші сарп етілетініне шек келтіруге болмайды.