Балалар көркеөнер мектебі ескі орнында қалады
Мекеме Мұхтар Әуезов атындағы № 17 орта мектебінде қалатын болды
Естеріңізге саламыз, мектеп оқушыларына орын жетпегендіктен, былтырғы оқу жылының ортасында жас суретшілер мен ұстаздарға мекемеден кету туралы ұсыныс айтылған.
Екі мектеп қалалық білім бөлімінің араласуымен ортақ келісімге келді.
- Биыл осы жерде қалатын болдық, дайындықтар 4 қыркүйектен басталады, - дейді мектеп жетекшілігі. - 25 тамыз күні сағат 9.00 және 17.00 арасында суретші балалар мен олардың ата аналарын Ашық есік күніне шақырамыз. Келушілерге барлығын түсіндіріп береміз.
Қазір бұл мектепте 17 топ бар. Балалардың жасы 8-ден 16 жас аралығында. Сонымен қатар мектеп әкімшілігі мемлекеттік тілде оқытатын сынып ашуды жоспарлауда.
Балалар көркемөнер мектебі Славский атындағы жағалау көшесі, 42 мекенжайында қабылдайды. Анықтама телефоны 25-14-62.