Өскеменде кесілген 800 ағаш аз қамтылған отбасыларға берілмек
Сәтпаев көшесіндегі жол жөндеу жұмыстары кезінде кесілген ағаштар аз қамтылған отбасыларға жеткізілмек
Бұл жайында бүгін «Нұр Отан» партиясының қалалық филиалы мен Өскемен қаласы ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің жүргізген тексеріс жұмыстарында айтылды.
- Бұл жерде 720 ағаш кесіледі. Мүмкін 800 ағаш та кесілуі мүмкін. - дейді «Нұр Отан» партиясының Өскемен қалалық филиалының бірінші орынбасары Майраш Екібасова. - Ал кесілген ағаштарды аз қамтылған отбасыларға отын ретінде берілмек. Жылу маусымы да таяп келеді. Сондықтан бұл отбасылар үшін үлкен көмек деп ойлаймын.
Майраш Екібасованың айтуынша, аз қамтылған отбасылардың тізімін қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінен алынады.