Солдаттардың өліміне айыпталған офицер өз кінәсін мойындады
Шымкент гарнизонының әскери сотында Жамбыл облысындағы көшкіннен қаза тапқан жеті солдаттың өліміне айыпталған майор Бақыт Шойбековтың ісі бойыныша сот үрдісі басталды
Сот отырысында Б. Шойбеков әскери қызметкерлердің өлімі бойынша өз кінәсін мойындады.
- Кінәмді толық мойындаймын. Бірақ үндау айтқым келеді. 2017 жылдың 17 ақпанында уақыт бөлім командирі ретінде қалып, ағымдағы барлық қаржылық-шаруашылық сұрақтарға жауап бердім. Әрбір топтың шығу және дайындық жүргізу тәртібіне бақылау жүргізуге толық қабілетті болмадым, - дейді Б. Шойбеков.
Өз кезегінде Оңтүстік өңірдің әскери прокуроры Ермек Жаңатаев Б. Шойбековке болған жағдайлардың алдын-алу мүмкіндігі болғанын айтады.
- Таулы дайындықты кері қайтармады, 21 әскери қызметкері мен қарулы күштердің екі қызметкеріне қызметтік автокөлікпен әскери бөлімнен шығуына бұйрық берді. Жеке құрамның жарақаттануы мен өлімінің алдуын алу шараларын қолданбады, арнайы дайындықтарды өткізу барысында қауіпсіздік талаптарын орындау туралы хабарламады, - дейді Е. Жанатаев.
17 ақпан күні Жамбыл облысының Көксай шатқалындағы 91678 әскери бөлімінің әскери қызметкерлерінің жоспарлы әскери дайындығы барысында төтенше қар көшкіні орын алды. Дайындыққа 23 адам қатысып, жетеуі қаза тапса, сегізі ауруханаға түсті.