ШҚО-да медбикелер Назарбаев университетіне оқуға жіберіледі
Денсаулық сақтау мамандарын оқытуға мән беріп отырған облыстық денсаулық басқармасы медбикелерін Назарбаев атындағы халықаралық университетке оқуға жібермек
Оқуға жіберілетін медбикелердің саны – 30. ШҚО Денсаулық сақтау басқармасы басшысы Марат Шорановтың ойынша, денсаулық сақтау саласын жетілдірудің бір тәсілі – халыққа қызмет көрсету жоғарылату, ал ол үшін мамандардың біліктілігін арттыру керек.
Одан бөлек, облыста бала өлімі де қысқармай тұр, өзге республика аймақтарымен салыстырғанда жоғары.
- Бұл көрсеткіштерді төмендету үшін облыстың денсаулық сақтау саласын дамытуға стратегиялық өзгерістер керек, - дейді Марат Шоранов. - Орта білімді медбикелерді Назарбаев Университетінде оқыту керек. Былтыр да Ана мен бала орталығы, босануға дейінгі күтім жасау орталығы мамандарын оқыту арқылы бала өлімін 32 пайызға дейін төмендеткен едік.