Таврия тұрғыны көлік ұрлап, кейін жол апатына ұшыраған
29 жастағы Ұлан ауданының тұрғыны жер үйдің ауласында тұрған Лада Гранта көлігін ұрлап қашқан. Кейін қашып келе жатып, жол апатына ұшыраған
Полиция қызметкерлеріне көліктің ұрланғандығы жайында Таврия аулының 53 жастағы тұрғыны келіп айтқан.
Арыз берушінің айтуынша, көлікті үйінің ауласынан айдап кеткен. Күдікті көршілес Ақтөбе ауылына бара жатып жол апатына ұшыраған. Көлік төңкеріліп қалған. «Барымташы» аман, тең көлікте отырған 28 жастағы әйел адам біршама жарақат алған.
Қазіргі уақытта ҚР ҚК-тің 200-бабы «Автомобильдi немесе өзге де көлiк құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу» бойынша қылмыстық іс ашылды.