БҰҰ ұйымы Солтүстік Кореяға 5,9 млн доллар қаражат бөлмек
Солтүстік Кореяның көптеген астық алқаптарында қуаңшылық жайлаған
Соған орай, БҰҰ Солтүстік Кореяның қуаңшылықтан зардап шеккен азаматтарын қолдау білдіру үшін 5,9 млн доллар қаражат бөлмек.
- БҰҰ гуманитарлы көмек жөніндегі басқармасы Балалар Қорынан 2,8 млн доллар, Азық-түлік бағдарламасы бойынша 2,5 млн доллар қаражат бөлінген хабарлайды. Бұл қаражат азаматтарға медициналық қызмет көрсетуге, жұқпалы ауруды тоқтатуға жұмсалады, - дейді Ренхап агенттігі.
Агенттік келтірген деректер бойынша ағымдағы жылдың сәуір айынан бастап елде қуаңшылық жайлаған. Егіс алқаптарының 16-59 пайызы қурап қалған. Әсіресе, суды көп қажет ететін күріш дақылы көп аймақта өспей қалған.