ШҚО мен Моңғолия елі арасында қысқа жол салынбақ
Шығыс Қазақстан облысынан Моңғолия шекарасына дейінгі жолды қысқарту туралы ойды Баян Өлгей округінің губернаторы Ғылымхан Айып айтып отыр
Моңғолия тұрғындары Қазақстанға жету үшін екі шекараны бірдей кесіп өтуге мәжбүр. Бұл әсіресе, жүк тасымалдауға кедергі келтіреді. Бұл мәселені шешу үшін Баян Өлгей өлкесінің басшысы Ғылымхан Айып Шығыс Қазақстан облысынан Моңғолияға тіке қатынайтын тас жол салу туралы ой айтты.
- Логистика саласында біршама мәселелер туып отыр. Тұрғындарға Қазақстанға жету үшін ең алдымен, Ресей шекарасын кесіп өтуі тиіс. Алайда бұрында жылқы айдап апаруға арналған, ұзындығы 200 шақырымға созылатын үлкен соқпақ жол бар. Егер осы жол арқылы асфальт төсеп, тас жол салатын болсақ, онда екі елдің де халқына қатынауға өте ыңғайлы болатын еді, - дейді Ғылымхан Айып.
Бұл ойды Баян Өлгей өлкесінің губернаторы ШҚО әкімімен кезедсуде айтты. Даниал Ахметовтың сөзіне қарағанда, жаңа жолды салуға қазақстандық тарап барынша қолдау көрсетпек.