Қарағандыда жолаушылар отырған маршрут отқа оранды
Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаменті ешкімнің зардап шекпегенін хабарлады
Оқиға кеше кешке Майқұдықтағы «Шығыс-5» шағын ауданында болған. Жолаушылар отырған №104 маршрутта өрт шығып, адамдар қауіпсіз жерге барып тасалаған. Маршрут ішінде аз ғана адам болған. Өртенген автобустың маркасы Ресей елінде шығарылатын «Паз» автобусы.
Жүргізуші жол жиегіне тоқтап, жолаушыларды сыртқа шығарған. Ал өзі өрт сөндірушілерді шақырған.
Следующая →