Демалыс күндері Өскеменде ұялы телефондар көп ұрланған
Өскеменде екі күннің ішінде ұялы телефондарды ұрлаумен айналысқан төрт қылмыскерді ұстаған.
Ұсталған ұрлықшылардың барлығы ұялы телефонды тұрғындардың қалтасынан тонаған. Мәселен, 30-шы Гвардия дивизиясы көшесінде жиырма жастағы жігіт жас қыздың 80 мыңдық ұялы телефонына қалтасынан «қағып кеткен». Жәбірленуші полицияға хабарласып мән-жайды хабарлаған. Ал полиция қызметкерлері із суытпай жас жігітті тауып алған.
Сатпаев көшесінде кетіп бара жатқан адамның қалтасынан 70 мыңдық ұялы телефонын алып қашқан қылмыскер 26 жастағы Зырян ауданының тумасы болып шықты. Бұрын істі болған. Тағы бір Өскемен тұрғынынан 75 мыңдық ұялы телефоны мен 25 мың теңгесін «қаққан» қарақшы Глубокое ауданының жергілікті тұрғыны болып шықты. Тағы бір қылмыскер 20 мыңдық ұялы телефонды ұрлағаны үшін ұсталды.
Следующая →