ШҚО-да өрт салдарынан ер адам қаза тапты
Оқыс оқиға Глубокое ауданындағы Степное ауылында орналасқан жеке тұрғын үйде орын алған. Өрт сөндірушілер түтінге толы үйден 31 жастағы ер азаматтың мүрдесін тапқан
Жеке тұрғын үйдегі өрт сенбіден жексенбіге қараған күні орын алған. Түтінді байқаған көршілер құтқарушыларды шақырған. Ауылға жақын өрт сөндіру бөлімі алты километр арақашықтықта орналасқан.
Өрт сөндірушілер құтқару шаралары барысында үйдің еденінен 31 жастағы ер адамның мәйітін анықтаған. Кейін анықталғандай ол пәтер жалдаушы болған. Барлық белгілер бойынша, ер адам сыртқа шықпақ болған. Алайда үлгермеген. Ол түтінге уланған.
Өрт үйдің 100 квадрат метрін қамтыған. Тілміз жауды ауыздықтау үшін төрт техника, жеке құрамның 16-ы адамы жұмылдырылған.
Жылдың басынан Шығыс өңірінде адамдардың немқұрайлылығанан және абайсыздығынан 450-ден аса өрт орын алған. Оның салдарынан 18 адам мерт болған.