ШҚО-да сейсенбіден бастап күн жылынады
«Казгидрометтің» хабарлауынша Шығыс Қазақстан облысында күн қайта жылынады
Облыс тұрғындары осымен жаз аяқталды, енді күз мезгілі басталады деп жорамал жасаған еді. Алайда «Казгидромет» күннің жылынатындығын айтып отыр.
- ШҚО-да күннің суытуы орын алған жоқ. Күндіз 20-25, ал түнде 5-10 градус шамасындағы ауа райы температурасы сақталды.
Казгидромет облыстағы күннің салқындауына суық ауа массасының Қазақстан территориясына келуі себепші болған.