ШҚО-да мүмкіндігі шектеулі балалар саны ашылмай отыр
Аудандардың бірінде билік өкілдері мүмкіндігі шектеулі балалардың жоқ екені туралы есеп берген. Алайда ШҚО прокуратурасы аталған ауданнан 50-ден астам мүгедек балаларды анықтады
Мекеме жүргізген ауқымды сараптама, облыста мүгедек балалар мәселесінің айтарлықтай ескерілмейтінін алға тартады.
Кәмелет жасқа толмаған мүгедек балалардың жыл сайын артып бара жатқанына қарамастан, арнайы мекеме қызметкерлері мұның салдарын анықтауға тырысып бақпайды.
Прокуратура мамандарының айтуынша, өңірде мұндай 15 208 бала тіркелген. Соңғы үш жыл ішінде бұл көрсеткіш 34 пайызға дейін өскен.
Мұнымен қоса айрықша оқыту жүйесімен небары 2 мың бала қамтылған. Бес мыңнан астамы қарапайым мектептерге барса да, дертін есепке алатын жағдай көзделмеген. Ал мүгедек балаларды оқытатын ұстаздар мүлдем тапшы. Аталған білім берумен айналысатын 23 мың оқытушының, 224-і ғана ерекше балаларды оқыта алады.
Белуардан асатын мәселелерді шешу үшін ШҚО прокуратурасы Білім басқармасымен бірлесіп, үйлестірушілік қолдауды қажет ететін балалармен жұмыс істейтін өңірлік бағдарлама құруда.