ШҚО-да жүргізуші кәулігін қалай ауыстыру керектігі және тоқтау сызығын қызыл белгіде қалай кесуге болатыны айтылды
Өңірлік ІІД әкімшілік полициясы басқармасының басшысы екі күн қатарынан тұрғындардың сұрақтарына жауап берді
Полицей жетонын таққан заң өкілдерінің қармауына қалай түспеу керектігін тәртіп сақшылары өздері түсіндірді. ШҚО ІІД Әкімшілік полициясы басқармасының басшысы Мерхат Беспаев екі күн қатарынан тікелей байланыс аясында облыс тұрғындарының сұрақтарына жауап қайтарумен болды.
Жүргізушілердің бірі пайдалану уақыты екі жыл бұрын өтіп кеткен жүргізуші куәлігін емтихансыз ауыстыруға бол ма деген сұрақпен жүгінді.
«Білімін тексермей» құжатты ауыстыру туралы қаулы былтыр бекітіліп қойған. Құжатты ауыстыру үшін Ішкі істер бөліміне 083У формалы медициналық анықтама, жеке куәлік, мекенжай анықтамасы 2836 теңге көлемінде баж салығын төлегені туралы квитанцияны алып барса болғаны.
Жүргізушілердің бірін келесі сұрақ жауабы қызықтырды: егер арнайы көлікке жол беру керек болса бағдаршамның қызыл белгісінде тоқтау сызығын қиюға бола ма? Мұндай жағдайда айыппұл тағыла ма?
- Иә, жүргізуші көк түсті жарықтандыру белгілері қосылған жедел және арнайы көліктерге жол беруі керек, - дейді Мерхат Беспаев. - Егер ЖЖЕ бұзылғаны туралы фото ұйғарым алсаңыз, бірден тұрғылықты орындағы әкімшілік полициясы бөліміне баруыңыз керек. Қызметтік тұлғалар деректерді зерттеп болған соң Ішкі істер бөлімімен бұл ұйғарымнан бас тарту туралы бұйрық шығарылады.
Сол сияқты тәртіп сақшысы шам шынысын және тоқтау белгілерін қараңғылатуға, түсін өзгертуге тыйым салынатынын ескертті.