Қазақстанда жедел жәрдем жаңа ереже бойынша жұмыс істейді
Жедел медициналық көмектің жаңа ережелері әлдеқайда сапалы көмек көрсетуді қамтамасыз етеді
Министрдің жедел медициналық көмек көрсету туралы жаңа бұйрығына қол қойылды. Созылмалы ауруға шалдыққандарға көмек көрсетуге шыққан көліктердің кешігіп жататын тәжірибеден белгілі. Енді жедел көмекке шақырудың төрт деңгейі болады, - дейді ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаева ҚР Үкіметінің баспасөз конференциясы барысында.
Спикердің айтуынша, алғашқы үш деңгейде денсаулыққа тікелей немесе елеулі қауіп төнетін жағдайлар ескерілетін болады, деп хабарлайды Zakon.kz сайты. Төртінші деңгейге созылмалы ауруға шалдыққандар кіреді. Мұндай шақырулар бірден жедел медициналық көмек орталықтарына бағытталады. Яғни емханаларда тәулігіне 24 сағат көмек көрсетілетін болады, - дейді Л. Ақтаева.
Мұндай қадам созылмалы ауруларға жылдам жетуге мүмкіндік береді. Емханалар жақын орналасқандықтан, жедел жәрдем бірінші және үшінші деңгейдегі науқастардың шақыруын басты назарда ұстайтын болады.
Ары қарай ережелерде жедел жәрдем фельдшерлері мен дәрігерлерін халықаралық стандарттарға сай міндетті түрде оқыту міндеттілігі жазылған. Сонымен қатар нормативте аудандық ауруханалардың жедел жәрдемі облыстық жедел жәрдеммен интеграцияланатыны туралы жазылған. Яғни, бір қызметке тұрып, GPS навигаторлармен қамтамасыз етіледі, - дейді ол.
Вице-министрдің айтуынша, бұл мониторинг жүргізе отырып, белгіленген орынға жылдам жетуге мүмкіндік береді.