Қай жерде жолдан өтуге болатындығын онлайн білуге болады
Жол жүрісі заңдарына қатысты өзгерістер туралы өзекті сауалдарға ШҚО ІІД Әкімшілік полиция басқармасының басшысы жауап береді
Бүгін және ертең ШҚО тұрғындарына құқық қорғау органдары интернет-конференция өткізуде.
Желі қолданушылары жол жүрісі мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы өзекті сауалдар қоя алады.
ШҚО ІІД Әкімшілік полиция басқармасының басшысы Мерхат Беспаевқа сұрақ қою үшін ҚР ІІМ-нің сайтында тіркелу қажет немесе konferentsiya@list.ru электрондық мекенжайына жолдау қажет. Сұрақтар ағымдағы жылдың 8 тамызы сағат 13.00-ге дейін сілтеме бойынша қабылданады.