Өрт куәгерлері екі тұрғынды құтқарды
Өскеменнің 75 жастағы тұрғыны өзінің 49 жастағы ұлымен өрт салдарынан зардап шеге жаздады
Өрт кеше сағат екі шамасында Ульяновский көшесі бойындағы төрт қабатты үйдің бірінші қабатында орналасқан пәтерде орын алған.
Қуанышқа орай, бұл уақытта үй маңайынан өтіп бара жатқан қала тұрғындары түтінді байқап, өрт сөндірушілер келгенше дер кезде екі зардап шегушіні пәтерден шығарып алған.
- Әйел адам иіс газынан орташа дәрежесінде улану белгілерімен қалалық №1 ауруханасына жеткізілді, - деп Өскемен қ. ТЖБ баспасөз хатшысы Марина Лискова хабарлады. - Ал оның ұлы ауруханаға жатудан бас тартты.
Өрт сөндірушілердің пайымдауынша, өрт отты абайсыз пайдаланудан немесе электр жабдықтарының авариялық режимінің істен шығу себептерінен орын алған.