Облыс орталығының тұрғындары көмірмен қамтамасыз етіледі
Өскемен қаласы әкімдігі мен «Қара жыра» АҚ әлеуметтік бағамен көмір тасымалдау туралы меморандумға қол қойды
«Қара жыра» кәсіпорны Өскемен қаласының әлеуметтік қорғалмаған тобын жеңіл бағамен көмірмен қамтамасыз етіп келе жатқанына тоғыз жыл болды. Барлығы 35-40 мың тонна көмір әкеледі.
Арзан бағалы отынды соғыс және еңбек ардагерлерінің жанұясы, көпбалалы аналар, зейнеткерлер мен мүгедектер алады. Өскемен қалалық Ауған соғысы ардагерлері ұйымы әлеуметтік көмірді үйлестіретін болды. Қазірдің өзінде жергілікті өзін-өзі басқару комитеттері көмірді алатындардың тізімін дайындауда.
- Тұрғындар алдындағы әлеуметтік міндетімізді орындап келе жатқанымызға тоғыз жыл болды. Адамдарды тамыз-қыркүйек айларында көмір алып алуға шақырамыз, айналым үлкен болғандықтан, вагондар жетпей қалуы мүмкін, - дейді «Қара жыра» АҚ директоры Марғұлан Макышев.