Солтүстік Кореялық СІМ Сеул шындықты айтпайды деп сынады
Солтүстік Корея сыртқы істер министрі Ли Ен Хо Корей Республикасының диалогты қалпына келтіру ұсынысын «арам ойлы» деп бағалады
Кан Ген Хваның екі жақты диалогқа отыру туралы ұсынысына КХДР өкілі осылайша жауап берген.
Осыған дейін ҚР екі елдің арасындағы әскери қызметкерлеріне келіссөз өткізіп, Корей түбегіндегі қайшылық деңгейін төмендетуді бірнеше рет сұраған. Сол сияқты 1950-53 жылдардағы соғыспен бөлінген отбасыларды кездестіруді қайта ұйымдастыру керектігін де айтты. Алайда Пхеньян бұл сауалнаманы жауапсыз қалдырды.
Аталғандай екі елдің сыртқы министрлері осыған дейін кездесу ұйымдастырмаған.
- Олар АСЕАН шараларында бірінше кездейсоқ кезігіп қалып, қол алысып амандасумен шектелген, - дейді Ренхап.
Осыған дейін Кан Ген Хва «кез келген жағдайда» Ли Ен Хомен кездесуге дайын екенін айтқан.