Шығыс Қазақстанда дала өртеніп жатыр
Күршім ауданында кеше кешке далада өрт шықты. ШҚО ТЖД мамандарының айтуынша, өрт елді мекен тұрғындарына қауіп төндірмейді. Өйткені жақын ауылдар өрт бағытанан 50 шақырымда орналасқан
- Шалғай аймақ өрт сөндірушілер жұмысын қиындата түскен. Себебі арнайы техника барлық жерге кіре алмағандықтан, мамандар арнайы құрылғыларды пайдалануға мәжбүр. Өрт алаңы 400 гектарды құрайды, - дейді мекеменің баспасөз хатшысы Анастасия Скляр.
Өрт сөндірушілерге жергілікті билік өкілдері мен Күршім және Үлкен Нарын орман шаруашылығының қызметкерлері көмекке келді.
	Тақырыптар:
										Степные пожары в ВКО		
	



