Семейде жоғалып кеткен мектеп оқушысы Астанада табылды
Екі ай бойы жоғалып кеткен 13 жасар семейлік мектеп оқушысы Арина Арасланова Астана қаласынан табылды
Айта кетейік, 13 маусым күні үйінен шығып, Бобровка кентінде орналасқан саяжайына кеткен. Содан қайтып үйіне келмеген. Қызды іздестіруге полиция қызметкерлерімен қатар еріктілер тобы қосылды.
Жас қыздың өзінен бес-алты жас үлкен жігітпен бірге жүруі мүмкін деген ойды ата-анасы айтқан болатын. Бұл жорамалдың растығы кейін анықталды. Қызды жігітпен бірге Астана қаласына кеткен, кейін жігітімен сөзге келіп қалған. Қайтарға ақшасы жоқ қыз үйге қайталмай далада қалған. Қызды астаналық тұрғындар байқап көмек көрсеткен, үйінде түнеткен. Қайырымды астаналық тұрғындар қыздың ата-анасын тауып, әкесіне хабарласқан.
- Аринаның әкесі бірден Астана қаласына жол тартты. Денсаулығы ойдағыдай. Қазір үйге оралды, - дейді "Rina.Kz Семей" еріктілер қозғалысының өкілі Евгения Павел.
Ата-анасының ашуынан қорыққан қыз Астана қаласында тығылып жүрген екен.