Этот сайт собирает метаданные пользователя (cookie, данные об IP адресах и местоположении). Это необходимо для функционирования сайта.
Продолжая пользоваться сайтом, Вы даете согласие на использование ваших cookie-файлов.
Жарық диоды орнатылған су нысанының ағымдағы құрылысына жергілікті бюджеттен 35 миллион теңге бөлінген
Орталық алаңдағы 12 жұлдыз белгісі орнатылған су бұрқағының жөндеу жұмыстары жалғасуда.
Анықталғандай, бұрқақтың құбырлары істен шыққандықтан, билейтін қызметі ретсіз жүріп тұрған.
- Жөндеу жұмысының жалпы құны 35 миллион 200 мың теңге, - дейді Семей әкімдігінде. - Құбырлар, сорғылар, электр жарықтандыруы ауыстырылып, ішкі сәні өзгертіледі. Енді бұрқақ табиғи таспен қапталатын болады.
«Зодиак» сырты және қызметі өзгермейді. Жергілікті билік толыққан жөндеу жұмысы заң бойынша тек 10 жыл, ал ағымдағы 3 жылдан соң қайталанатынын ескертті.
Айта кету керек, бұл су бұрқағы 2011 жылы салынған. Жөндеу жұмыстары қыркүйек айында аяқталады.