Өскемен
ясно
-12°
  • Өскемен
    -12°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -3°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    -2°
  • Қарағанды
    -4°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    -3°
  • Шымкент
    +8°
$
498.51
+0.17
522.84
+3.12
¥
68.81
+0.02
4.81
-0.04
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО
Ақпарат көзі:
Устинка

Шемонаихадағы Үбі жағалауы қоқысқа батуда

Тұрғындар ластап кете беретін жағажайды жергілікті билік үшінші рет тазартуда

Шемонаихалықтардың сүйікті орны қоқыс алаңына айналып кеткен. Айнала полиэтилен дорбаларына, шыны бөтелкелерге толы.

- Үбі өзенінің жағдайы жаман, - дейді қала тұрғындары. - Жағажай қалдықтарға толы. Қоқыс төгетін контейнер қою керек.

Жергілікті әкімдікте жағажайдың ресми емес екенін алға тартады. Шомылу кезеңі басталғаннан бері өзен жағасын тазалау бағдарламасы аясында үшінші рет тазалау жұмыстары жүргізіліп отыр. Соңғы сенбілікте алты адам және екі техника жұмылдырылған болатын.

- Өзін-өзі ұстау мәдениеті жоқ, қоқысты неге өзіңмен алып кетпеске? - дейді Шемонаиха қаласы әкімінің орынбасары Рустам Құлымбаев. - Қоқыс жәшіктерін бірнеше себепке байланысты қоюға келмейді. Көктемде су деңгейі бірден көтеріліп, барлығын шайып кетеді. Мұнымен қоса жағажай ешкіммен бекітілмеген. Жергілікті бизнесмен жер жалдап, кішігірім демалыс орнын ашпақ болды. Кейін ұтымды болмағандықтан ойынан бас тартты. Ауа райы күр құбылмалы, таңертең не жаңбырлы, не күн ашық тұрады.

Рустам Құлымбаевтың айтуынша, жергілікті билік жағажайдың тазалығын қадағалайтын болады. Бірақ, қала тұрғындарынан тазалық сақтауды сұрайды. Әсіресе, шыны бөтелкелерді лақтырмауды пайымдайды, себебі жағажайға балалар жиі келеді.

 

Следующая →