«ЭКСПО-2017»-де африкан әйелдерінің күні өтті
Африкан әйелдерінің күні – африкандықтардың мерекелік күні. Бұрынғы КСРО тұрғындарында қалыптасқан Халықаралық әйелдер күнінің көшірмесі
Аталмыш мерекелік күнде павильон өкілдері әйелдер шеруі мен сән үлгісін ұйымдастырды, деп хабарлайды Казахстанская правда сайты.
1962 жылы Танзанияның бұрынғы астанасы Дар-эс-Саламда өткен Бүкілафрикандық әйелдер конференциясында 31 шілде Африкандық әйелдер күні деп жарияланды. Ондаған жылдар ішінде бұл күн өзіндік сегізінші наурызға айналып үлгерген.
Мерекелік шара «Африка плаза» павильонынан Бүкіләлемдік ЭКСПО комиссарларының клубына дейін шерумен басталды. Шеру басында африкан әйелдерінің туын ұстаған қыздар жүрді. Олармен бірге ұлттық барабанда ойнаған ер адамдар да болды.
Шеруден соң Африка және Қазақстан мемлекеттік қызметкерлері, үкіметтік емес ұйым мүшелері, кәсіпкерлердің қатысуымен табысты әйелдер форумы өтті.