ШҚО-да «Балаларды мектепке дайындаймыз» қайырымдылық шарасы басталды
Бұл қайырымдылық шарасына «Нұр Отан» партиясы ұйымдастырып отыр. Көмек көрсеткісі келген кез келген адам шараға қатыса алады
Қайырымдылық акциясы бойынша облыстың мыңдаған оқушыларына мектеп формалары сатып алынып, оқу құралдары беріледі.
Облыстағы «Нұр Отан» партиясының мәліметтеріне қарағанда, өткен жылы 4343 балаға мектепке дайындалуға көмек берілген. Биыл да олардың саны былтырғыдай болмақ.
Қайырымдылық шарасына қатысқысы келген адамдар да науқан аясында аз қамтылған отбасы балаларына өз көмектерін ұсына алады. Мәселен, киім, оқулық, қалам-дәптерлерін сатып берсе болады. Қайырымдылық акциясы «Бақытты отбасы – бақытты балалық» жобасының негізінде өткізіліп жатыр.
- Бұл шара қиын жағдайда қалған отбасыларға көмектесу үшін ұйымдастырылады. Отбасыларға психологиялық, заңнамалық кеңестер беріледі. Жұмыс орындары жәрмеңкесіне шақырылады. Балаларды қорғау күні бағалы сыйлықтар табыс етіледі, - дейді «Нұр Отан» партиясының ШҚО филиалы төрағасының бірінші орынбасары міндетін атқарушы Александр Светаш.