Диабетке қарсы тегін дәрі-дәрмектер тамыз айынан бастап берілмек
Қазақстанда орталықтандырылған дәрі-дәрмектерді тасымалдаумен айналысатын жалғыз дистрибьютор "СК-Фармация" ЖШС тамыз айында диабетке қарсы дәрі-дәрмектердің жаңа топтамасын әкелмек
Қант диабетіне шалдыққан науқастар тамыз айынан бастап тегін дәрі-дәрмекті алуды жалғастырмақ. Аурудың әлеуметтік маңыздылығын байқаған Денсаулық сақтау министрлігі 2017 жылдың 11 мамырында дәрілерді сатып алудың жаңа шектік бағасын орнатқан. Содан кейін ғана аталған компания дәрі-дәрмек тасымалын жүзеге асыру үшін тендерге қатысқан.
Жылдың соңына дейін 400 мың гларгин инсулині бар шприцтер, 30 мыңнан аса бетаферон флаконы әкелінбек.
Қант диабетімен ауыратындардың саны 2007 жылдан 2017 жылға дейін 128 мыңнан 293 мыңға дейін артқан. Алайда, мамандардың есептеуінше, диабетпен ауыратындардың саны 700 мыңға дейін жетуі мүмкін.