Өскемен
пасмурно
+16°
  • Өскемен
    +16°
  • Алматы
    +14°
  • Астана
    +16°
  • Ақтөбе
    +22°
  • Актау
    +20°
  • Орал
    +19°
  • Қарағанды
    +18°
  • Көкшетау
    +11°
  • Қостанай
    +13°
  • Қызылорда
    +21°
  • Павлодар
    +13°
  • Петропавловск
    +8°
  • Тараз
    +14°
  • Туркестан
    +15°
  • Шымкент
    +16°
$
441.44
-1.91
473.09
-2.45
¥
60.96
-0.22
4.75
-0.07
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Виктор Скрипниченко
Ақпарат көзі:
Устинка

Пара алған ШҚО шенеуніктеріне бірнеше миллион айыппұл тағылды

Өскемен қалалық №2 соты ШҚО бойынша Индустриялды даму және өндірістік қауіпсіздік комитетінің экс-басшысы Аблайхан Закарьянов пен оның серіктесіне үкім шығарды

Олар «Қазақмыс» корпорациясы қызметкерінен пара алғаны үшін айыпталды. 12 сәуір күні сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметкерлері Аблайхан Закирьяновты 90 мың теңге көлемінде ақша алып тұрған жерінде ұстаған.

ШҚО бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросы хабарлағандай, шенеунік жүйелі түрде пара алып жүр деген күдікте болған. Көп жағдайда өндірістік қауіпсіздік саласындағы жобалық құжаттаманы мақұлдау үшін алған.

Сол сияқты департаменттің өндірістік қауіпсіздік бойынша мемлекеттік бақылау бөлімінің басшысы Ескендір Бекежанов та пара алуға қатысқаны үшін ұсталды. Бөлім басшысы «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС келісімге берген жобалық құжаттамадан өндірістік қауіпсздік ережелерінің бұзылғанын анықтап, жоғарғы жетекшісіне хабарлаған.

- Бұл уақытта Закирьянов «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС өкілінен пара алу арқылы жобалық келісімді беруді ойлап, қылмыстық ой құрайды. Өзінің қылмыстық ниетін өз әріптесіне айтып, компания өкілінен қандай сомада марапат алуға болатынын сұрайды, - дейді іс құжатында.

Нәтижесінде «марапатты» 300 доллар, яғни, 90 мың теңге көлемінде белгілеген. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қылмыл осы сомамен құрықтады.

Сот екеуін де айыпты деп тауып, параның жетпіс есе үлкен сомасын айыппұл ретінде тақты. Яғни, алты миллион үш жүз мың теңге. Сол сияқты оларға мемлекеттік қызметке орналасуға өмір бойына құқығынан айрылды. Тергеу амалдарының бар кезеңінде Аблайхан Закирьянов қамауда болғандықтан, айыппұл сомасы бес жарым миллион теңгеге азайтылды.

Сот шешімі әлі өз күшіне енген жоқ.

Следующая →