Өскемен
пасмурно
+11°
  • Өскемен
    +11°
  • Алматы
    +10°
  • Астана
    +3°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +7°
  • Орал
    +2°
  • Қарағанды
    +4°
  • Көкшетау
    +3°
  • Қостанай
    +1°
  • Қызылорда
    +9°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +2°
  • Тараз
    +8°
  • Туркестан
    -3°
  • Шымкент
    +7°
$
448.15
-1.43
483.46
-3.48
¥
61.99
-0.23
4.86
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Оқиғалар Оқиғалар
Ақпарат көзі:
Устинка

Алматының шетінде көкпаршылар ойын барысында автомобильді зақымдаған

Алматы облысындағы Қарғалы ауылында жиырма шақты адам жолдың үстінде көкпар ойнаған

Facebook әлеуметтік желісін пайдаланушы Анастасия Кулакова Алматының шетінде көкпаршылар жол үстінде көкпар ойнап жүріп оның көлігінің капотын, бампері мен алдыңғы әйнегін зақымдағанын жазған.

- 29 шілде күні Қарғалы ауылының Бірлік көшесі бойымен сағат 19.45-терде қалаға қарай бет алып бара жатқанмын. Жол үстінен маған қарсы 15-20 шақты жігіт салт атты шықты. Мен тоқтауға мәжбүр болдым. Жігіттер көкпар ойнап жүргендіктен, жылқылар бір-бірін итерген. Нәтижесінде жылқылардың бірі көлігімнің үстіне шығып, капоты, бампері мен алдыңғы әйнегін зақымдады. Мен бұл жануардың қандай салмаққа ие екенін білемін ғой, шошып кеттім. Абырой болғанда, өзім аман қалдым, - деп жазады Анастасия.

Бойжеткеннің айтуынша, көкпаршылар оқиға орнынан кетіп қалған. Полиция қызметіне шағымданғанымен, тәртіп сақшылары көкпаршыларды таппаған.

Бойжеткенді енді көлікті жөндеуге шығынды кім өтейтіндігі қынжылтады. Ең бастысы, жігіттерге жол үстінде ондай ойындар ойнауға болмайтындығын түсіндіретін құзырлы органдар табылатынына сенім білділерді.

Следующая →