Өскемен
пасмурно
+19°
  • Өскемен
    +19°
  • Алматы
    +20°
  • Астана
    +15°
  • Ақтөбе
    +8°
  • Актау
    +17°
  • Орал
    +12°
  • Қарағанды
    +17°
  • Көкшетау
    +11°
  • Қостанай
    +7°
  • Қызылорда
    +26°
  • Павлодар
    +15°
  • Петропавловск
    +10°
  • Тараз
    +20°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +20°
$
441.66
-2.48
475.14
-1.91
¥
61
-0.34
4.86
+0.01
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Алия Тенизбаева
Ақпарат көзі:
Устинка

Туристерді тартамыз деп, қате жіберген

Сібе көлдерінің атауы үш тілде көрсетілген тақтада ағылшынша аудармасы жоқ, белгісіз сөз жазылған

"Sibiny Lakes" сөзінің орнына "Sibiny Laks" деп жазылған тақтадағы жазу әлеуметтік желі қолданушыларының қызу талқысына түсті

Ұлан аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мамандары өзен атауын үш тілде көрсету арқылы шетелдік туристердің назарын аударуды көздегендіктерін жеткізді.

- Біз тек шығысқазақстандықтарға қарай бағдарланбаймыз, - дейді мекеме басшысы Болатбек Мамарбаев. - Болашақта шетелдік туристерді де тартуды көздейміз. Муниципалды жағажай шарттары халықаралық деңгейде болуы үшін көл атауын үш тілде көрсетуді жөн көрдік. Одан өзге бұл ой үштілділік бағдарламасы аясында жүзеге асырылған.

Қате жазылған белгі екеу екені анықталды. Бірі Бозанбай ауылына бұрылыста орналасса, екіншісі Алғабас ауылына жақын маңда.

- Тақталар жағажайдың ашылуына орай, асығыс қойылды, - дейді Болатбек Мамарбаев. - Өткен аптада ғана жіберілген қатені байқадық. Енді жақын арада қателік түзетілетін болады. Басында жекеше түрде "Sibiny Lake" деп жазылған, алайда басылар уақытта көлдері деп көпше түрде беруді ұйғардық та "Е" әрпін алып тастап, "S" жалғадық.

Следующая →