Астанадағы Шығыс Қазақстан облысының күндері басталып кетті
Астаналықтар назарына археологиялық «Ата-бабалар мұрасы» жасанды көрмесі мен «Родной земли – многоголосье» атты фотокөрмесі ұсынылды
Астанадағы ШҚО күндері сейсенбіге дейін жалғасады. Астана тұрғындары мен қонақтары бес күн қатарынан Зайсан ауданындағы Шілікті қорғанынан, Катонқарағай ауданындағы Берел қорғандарындағы және Ұлан ауданындағы будда ғибадатханасындағы дүниелерді тамашалай алады.
«Родной земли – многоголосье» көрмесінде астаналықтар ШҚО атақты фотографтары Александр Мазницин мен Сергей Суровтың облыс қалалары, аудандарындағы ең көрікті жерлері, өңірлік өнеркәсіптік алпауыттары, әлеуметтік нысандары, табиғаты бейнеленген 50-ден астам фотокартиналарын тамашалайды.
Бүгін кешке Мемлекеттік М. Горький атындағы орыс драма театрында «Э. Портердің «Поллианна» атты спектаклін Абай атындағы театры ұсынады.
Күн сайын 21-24 шілде аралығында кешкі сағат алтыдан бастап, Бәйтерек алаңы мен «Студенттік» саябағындағы «Желкен» сахнасында ШҚО шығармашылық ұжымының қатысуымен концерттер өтеді.
23 шілде күні сағат 15.00-де «Қазанат» ипподромында астаналықтар «Этноауыл» ұлттық-мәдени кешенінің ШҚО қолөнершілері дайындаған көрме мен өңірдің өнер шеберлерінің қатысуымен концертін тамашалайды.
25 шілде күні сағат 21.00 шамасында «ЭКСПО-2017» төңірегіндегі «Амфитеатрда» қазақ эстрадасы жұлдыздарының қатысуымен концерт өтеді.