Өскемен
ясно
+9°
  • Өскемен
    +9°
  • Алматы
    +10°
  • Астана
    +13°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +22°
  • Орал
    +21°
  • Қарағанды
    +9°
  • Көкшетау
    +14°
  • Қостанай
    +16°
  • Қызылорда
    +17°
  • Павлодар
    +11°
  • Петропавловск
    +15°
  • Тараз
    +8°
  • Туркестан
    +22°
  • Шымкент
    +11°
$
443.35
475.54
¥
61.18
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Оқиғалар Оқиғалар
Ақпарат көзі:
Устинка

ШҚО-да 4 адам люк ішіне түсіп, қаза тапты

Оқиға бүгін сағат төрт шамасында Үржар ауданының айналма жолында орын алған

Аудан тұрғындарының айтуынша, Семей қаласынан келген екі жұмысшы канализация желісіне жөндеу жұмыстарын жүргізген.

- Люктің ішінде метан газы болғанға ұқсайды. Жұмысшылардың біреуі люктің ішіне кіріп газбен уланып, есінен танып қалған. Оның артынан кірген екіншісі де газбен уланып, суға батып кеткен, - дейді Үржар ауылының тұрғыны.

Ауыл тұрғындарының айтуынша, тағы екі адам люкке түсіп кеткендерді көрген соң, оларға бармақ болған. Өкінішке орай, олар да улы газдың құрбаны болған. Тұрғындар оларға көмектескісі келгенімен, ешқандай нәтиже шығара алмаған.

Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары мамандары оқиға орнына жол тартты. Олар оқиғаның мән-жайын растауға бармақ. 

Следующая →