Өскеменде ер адам жоғалып кетті
Туыстары 37 жастағы Антон Гупалов суға батып кетті ме, жоғалып кетті ме білмейді. Оны тапқан азаматқа сыйақы беруге уәде етті
Осы жексенбі күні таңертең облыс орталығының тұрғыны Антон Гупалов екі досымен бірге Ертіс көпіріне суға түсуге аттанған. Ал кешкісін 37 жастағы азаматты ешкім таба алмаған.
- Ол суға кетті ме, жоғалып кетті ме біз білмейміз, - дейді жоғалған азаматтың туысқаны Анастасия Рейбер. - Судың жағасынан оның киімдері мен ұялы телефоны табылды. Оқиға орнында сүңгуірлер жұмыс істеді, денесі табылмады. Бас қосқанда олар ішімдік ішті ме оны да білмеймін. Полицияға арыз жаздық. Антонды кімде-кім көрген болса немесе оның қай жерде жүргенін білсе бізге хабар берулеріңізді сұраймыз. Сыйақы беруге уәде етеміз.
Із-түссіз кеткен Антон Гупаловтың жанұясы 8-771-416-02-22, 8-705-509-92-70 немесе 102 нөмірлері арқылы хабарласуды сұрайды.
Антон Гупаловтың ерекше белгілері: орта денелі, көзі ашық түсті, балтырында сарышаян белгіленген татуировка бар.