Өскемен
облачно
+18°
  • Өскемен
    +18°
  • Алматы
    +19°
  • Астана
    +22°
  • Ақтөбе
    +13°
  • Актау
    +14°
  • Орал
    +16°
  • Қарағанды
    +21°
  • Көкшетау
    +23°
  • Қостанай
    +7°
  • Қызылорда
    +30°
  • Павлодар
    +20°
  • Петропавловск
    +19°
  • Тараз
    +22°
  • Туркестан
    +8°
  • Шымкент
    +24°
$
440.92
+1.52
475.36
+1.82
¥
60.95
+0.13
4.82
+0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан
Ақпарат көзі:
Устинка

Алматыдағы «Иегова куәгерлері» діни ұйымы өз жұмыстарын уақытша тоқтатты

«Иегова куәгерлері» халықаралық діни ұйымының Алматы қаласындағы бөлімшесі үш айға дейін өз жұмысын тоқтатты

Бұған ұйымның антитеррористік шараларды дұрыс ұйымдастырмауы себеп болған.

- Алматы қалалық сотының шешімімен «Иегова куәгерлері» ұйымының жұмысы уақытша тоқталды. Ұйым жабылған жоқ, тек діни уағыздары мен насихаттарын уақытша тоқтатты, - дейді ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев. - Бұл - жазалаудың жеңіл жолы.

Ұйымның антитеррористік шараларға дайын еместігін құқық қорғау ұйымдарының арнайы комиссиясы анықтаған.

- Комиссия ұйым орналасқан аумақта террористік шабуылдардан сақтау ережелері орнатылмаған. Ескерту жасалғанымен, ұйым оны орындамаған. Егер бірлестік аталмыш ескертпелерді орындайтын болса, ода өз қызметін одан әрі жалғастыра алады, - деп атап өтті Н.Ермекбаев.

Ал республиканың өзге аймақтарындағы аталмыш ұйымның филиалдары жұмысын жасап жатыр. 

Следующая →