ШҚО Энергетика және ТҮКШ басқармасының басшысы тағайындалды
Мекеме басшысын Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ринат Омаров таныстырды
ШҚО Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының жаңа басшысы болып Алмат Арсламбаев тағайындалды.
Алмат Арсламбаев Семей қалалық ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінде жоспарлау, есеп және мемлекеттік сатып алу секторының бас маманы қызметін атқарған. 2011 жылы облыстың экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының материалдық өндіріс саласы бөлімін басқарды. 2015 жылдың қаңтарынан бастап «Шығыс Қазақстан облысының тұрғын-үй пайдалану басқармасы» ЖШС басқарды. Екі рет ШҚО Энергетика және Тұрғын-үй коммуналды шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары болып тағайындалды.