ШҚО соттары ақтау үкімдерін көбірек шығаруда
ШҚО соттары ақтау үкімдерін көбірек шығаруда
ШҚО қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы төрағасы Қайрат Чакпантаевтың айтуынша, 2017 жылдың бірінші жартыжылдығында ақтау үкімдері 2016 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 50%-ға өскен. Ал нақты мерзім қорытындысымен жаза саны үш пайызға азайған.
- Осы жылы біз үш мыңға жуық қылмыстық істерді қарастырдық, бұл 2016 жылмен салыстырғанда 500-ге артық. Ол қылмыстық заңды ізгілендірумен байланысты, бала жаза тәжірибесі енгізілді, - дейді Қайрат Мұратович. - Біз ұрлық, тонау, ұрып-соғу және тағы да басқаны ауыр қылмыс деп түсінеміз. Оларды медиация үдерісінде шешуге болады. 900-ға жуық іс екі жақ тараптардың уағдаластығымен шешімін тапты. 2017 жылдың бірінші жарты жылдығында айыптаушы тарапынан айғақ-дәлелдердің кемшілігінен 46 адам қылмыстық жауаптылықтан босатылды.