Өскемендегі дауылда тыл ардагерінің өкпесі жарылып, реанимацияға түскен
82 жасар Шерьяздан Исановтың жақындары қала тұрғындарынан қан тапсырып, қол ұшын созуларын сұрайды
Өскеменде орын алған дауылдан Астанадан қонаққа келген 82 жасар тыл ардагері ардап шекті.
Туыстарының айтуынша, кеше ол Қазақстан көшесі бойынша орналасқан ЗТМО мекемесіне барған уақытта қатты дауыл басталып кеткен.
- Ғимараттардың бірінің төбесінен үлкен темір шатыр жабыны ұшып атаның үстіне түскен, - дейді зардап шеккен қарияның немересі Азиз. - Куәгерлер алғашқы көмек көрсеткен екен. Қазір ол 1 қалалық ауруханада жатыр. Оған шұғыл арада қан қажет. Атамның қан тобы - 1, алайда дәрігерлер қан құю үшін кез келген топтікі жарайтындығын айтады. Бей-жай қалмайтын азаматтардың барлығынан көмек қолын созуларын сұраймыз.
Дәрігерлердің айтуынша, ардагердің жағдайы нашар. Өкпесі жарылып, сегіз қабырғасы сынған.
Қанды Шерьяздан Исановтың атына Көкжал Барақ көшесінде орналасқан қан орталығына тапсыруға болады. 17а, 26, 43 бағытындағы автобустар («Мектеп» аялдамасы) қатынайды. Қан 8.00 мен 14.00 аралығында қабылданады. Өзіңізбен бірге жеке бас куәлігіңіз болуы міндетті.
Немересі Азиздің байланыс нөмірі: 8-705-795-57-77.