Өскемен
ясно
-11°
  • Өскемен
    -11°
  • Алматы
    +6°
  • Астана
    -10°
  • Ақтөбе
    -7°
  • Актау
    +7°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -6°
  • Көкшетау
    -13°
  • Қостанай
    -11°
  • Қызылорда
    +5°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -18°
  • Тараз
    +9°
  • Туркестан
    -7°
  • Шымкент
    +11°
$
513
+13.49
541.16
+15.33
¥
70.75
+1.85
4.69
+0.07
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Григорий Прыгов
Ақпарат көзі:
Устинка

Түркия дәрігерлері ШҚО-да шеберлік сыныбын өткізуде

Түркиялық әріптестер сәбилердің шетінеуін тоқтатуға мүмкіндік беретін бағдарламаны облыс дәрігерлеріне оқытуға келген

Облыстық Ана мен бала орталығына келген түркиялық дәрігерлер шеберлік сыныбын жексенбі күні бастаған. Ол үш күнге созылмақ. Тренингтің басты мақсаты бала мен ана өлімін азайту болып табылады.

- Шеберлік сыныбына облысымыздың 100-ден астам дәрігері қатысуда. Олар – акушер-гинекологтар, неонатологтар және перзентхана медбикелері. Шеберлік сыныбында тек теориялық материалдар ғана емес, практикалық тәжірибелер де орындалуда. Дәрігерлеріміз бала мен ана өлімін сақтап қалудың жаңа технологиясымен танысады, - дейді Ана мен бала орталының бас дәрігері Ермек Омаров.

Түркиядан келген профессор, доцент дәрігерлерінен құралған делегацияда 8 адам бар. Шеберлік сыныбына қатысқандарға сертификат табыс етіледі. Ал жоғары нәтиже көрсеткендеріне маман ретінде сертификат табыс етілмек.

- Біздің технологиямыз жаңа туылған сәбилерді аман алып қалумен байланысты. Өйткені бәрінен бұрын бала өмірге келген сәттің 20 секундты өте маңызды. Аз ғана уақыттың ішінде қажетті тәсілді қолданбаса, баланың аман алып қалу қиын. Біз ұсынып отырған бағдарламаның арқасында 20 жылдың ішінде Түркиядағы 1000 тұрғынға шаққандағы бала өлімі 40 %-дан 4,5%-ға дейін төмендеді. Осыған дейін Астана, Талдықорған, Ақтөбе қалаларында шеберлік сыныбын өткіздік, - дейді Түркиядан келген педиатр-дәрігер Шырын Гүлен.

Шетелдік мамандар еліміздің 350 дәрігеріне дәріс беріп үлгерген.

Следующая →