Сәтпаев кентінде қоқыс жәшігінен нәрестенің денесі табылған
Қарағанды облысының тәртіп сақшылары жаңа туылған сәбиді қоқыс жәшігіне лақтырып тастаған қатыгез әйелді іздестіруде
Қарағанды облысының Сәтпаев қаласындағы қоқыс жәшіктерінің бірінен жаңа туылған қыз баланың мәйіті табылды, деп хабарлайды облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінде.
Алдын ала болжам бойынша, қасақана өлімнің белгілері жоқ.
Аталмыш фактіге байланысты «Анасы жаңа туылған нәрестесін өлтіру» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
- Нәресте өмірге тірі келді ме, жоқ өлі келді ме анықтайтын тиісті сараптамалар реті белгіленді. Қазіргі таңда полиция қызметкерлері болған жағдайдың мән-жайын анықтауда, баланың анасы іздестірілуде, - деп атап өтті баспасөз қызметі.